Әнші Медеу Арынбаев желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен “Парасат” орденімен Ақордадан арнайы Президент қолынан марапатталдым! Елге жасап жатқан еңбегіміздің бағаланғаны деп есептеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын! Республика күні құтты болсын!!!"-деп жазды әнші.