Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әлішер Кәрімовтен әлсіз бе?": Қыдырәлі Болманов "Ұлытау" тобының марапат алмағанына ашуланды (ВИДЕО)

19:11, 26 қазан 2025 422

Танымал әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов "Ұлытау" тобының елімізде лайықты марапатқа ие болмағанына ашынып, әлеуметтік желіде өз пікірін ашық айтты, деп Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі топтың ұлттық мәдениет пен идеологияны дамытудағы еңбегін ерекше атап өтіп, олардың жетістігі неге еленбейтінін түсіне алмайтынын жеткізді.

"Идеология, стратегия, нәтиже! Осы арқылы домбыралық, ешкім істей алмаған ұлттық дүниеңді насихаттау құралына айналған, 7 жыл бұрын – Домбыра күні, 3 жыл бұрын – Ұлытау облысының құрылуына септігі тиген,
әлемге атойлап, нағыз қаһармандық көрсеткен – Ұлытау тобы!

"Адай" күйімен Құрманғазыны, Моцарттың симфониясымен қатар қоя алған – Ұлытау тобы, не еңбек сіңірген жоқ, не бір жапырақ қағаз алған жоқ! Иә, олар Ингушетияның халық әртісі атағын 15 жыл бұрын алған. Неге Қазақстан емес? Әлішер Кәрімовтен рухы әлсіз бе?

Әлемдік екі Гран-при жеңісін Құрманғазының күйімен иеленген, қазақ тарихындағы жалғыз әрі алғашқы этно-рок топ – Ұлытау! Өзіңіз ойлап көріңізші, Қазақ елінен бір жапырақ "грамота" да алмаған... Не үміт, не қайыр...

Не оны жоқтаған бір қазақ көрмедім. Кімді Ұлытау тобының қатарына қоя аласыз? Қалай өсеміз, Қазақ елі? Халыққа қатысы жоқ атақты кім белгілейді? Аты-жөндері кім, және не тындырды ол адамдар? Маған былтыр берген "еңбек сіңірген" деген атақты мен емес, печатын ауыстырып, Ұлытау тобына берген дұрыс болар еді. Жеткізе алмай жатсаңдар..." – деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар