Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ-тағы сапарына Владимир Путиннің әйгілі сөздері жазылған шоколадты өзімен бірге алып барған, деп жазады Alash.kz.
Сыйлық қорабындағы шоколадтың әр бөлігіне Путиннің жиі айтылатын нақылдары мен батыл мәлімдемелері жазылған.

Мәселен, олардың арасында: “Ресейдің шекарасы еш жерде аяқталмайды”, “Ресей ештеңеден қорықпайтын ел”, сондай-ақ “Лаңкестерді кешіру — Құдайдың ісі, ал менің ісім — оларды Құдайға жіберу” деген тіркестер бар.
