Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алжирге ұшпақ болған: Әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонаған күдіктілер ұсталды

15:10, 26 қазан 2025 186

Париж полициясы әйгілі Лувр мұражайын тонауға қатысы бар деген екі ер адамды ұстады, деп жазады Alash.kz.

Le Parisien басылымының дерегінше, екеуі де шамамен 30 жаста, Францияның орталық бөлігіндегі Сен-Сен-Дени аймағының тумалары.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілерге "ұйымдасқан ұрлық" және "қылмыстық сөз байласу арқылы қылмыс жасау" баптары бойынша айып тағылған. Алдын ала мәліметке қарағанда, қылмысқа барлығы төрт адам қатысқан.

ТАСС-тың хабарлауынша, ұсталғандардың бірі Париждегі Руасси – Шарль-де-Голль әуежайында Алжирге ұшпақ болған сәтте қолға түскен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар