Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күрд жасақтары Иран территориясына қарай шегінуде” - Түркияда тарихи бетбұрыс іске асты

14:54, 26 қазан 2025 814

“Күрдістан жұмысшы партиясы” (КЖП) Түркия билігімен жасалған бейбіт келісімді жүзеге асырудың келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұйым бүгін өз қарулы құрылымдарын Түркия аумағынан толық шығару процесін бастағанын ресми түрде мәлімдеді. Күрд жасақтары елдің оңтүстік-шығыс аймақтарынан Ирак территориясына қарай шегінуде.

Бұл қадам ондаған жылдарға созылған қарулы текетірестен кейін тараптардың саяси шешім табуға деген нақты ұмтылысының айғағы ретінде бағалануда. Анкара мен КЖП арасындағы келісім – аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған тарихи мүмкіндік.

Дегенмен, процестің сәтті жүзеге асуы көптеген факторға, оның ішінде екі тараптың өз міндеттемелерін толық орындауына, шекаралық қауіпсіздіктің сақталуына және халықаралық бақылаушылардың объективті бағалауына тәуелді болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар