Ақтөбеде туыстарының шағымынан кейін мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жатқызылған бес баланың анасы Жұлдыз ақталып, балаларымен қайта қауышты, деп хабарлайды Alash.kz.
24 маманнан құралған медициналық консилиум әйелдің жағдайын толық зерттеп, оның психикалық тұрғыдан сау екенін растады. Сараптама қорытындысы шыққан соң Жұлдыз үйіне оралып, бес баласымен кездесті.
Бұған дейін Ақтөбе қаласында бес бала бейнеүндеу жариялап, көмек сұраған еді. Олар сол уақытта “Аяла” балалар орталығында тұрып жатқан. Балалардың айтуынша, аналары туыстарының бастамасымен мәжбүрлеп жындыханаға жатқызылған.