Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар! Елге танымал актер 58 жасқа қараған шағында көз жұмды (ФОТО)

21:11, 26 қазан 2025 611

58 жасқа қараған шағында Ресейдің танымал театр және кино актері Геннадий Назаров дүниеден өтті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл ақпаратты 26 қазанда Мәскеудегі «Петр Фоменко шеберханасы» театры растады.

"Жарық жаны жәннатта болсын. Марқұмның отбасына, жақындары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз", – делінген театрдың ресми хабарламасында.

Геннадий Назаров кино әлеміне 1994 жылы Владимир Войновичтің "Солдат Иван Чонкиннің өмірі мен ғажайып оқиғалары" атты романының экранизациясында басты рөлді сомдап, алғаш қадам басқан.

Оған бүкілресейлік танымалдықты Петр Тодоровскийдің «Неткен ғажап ойын» (1995) драмасындағы Коля Рябкин рөлі алып келді. Назаров 1990-жылдары Георгий Данелия, Николай Досталь, Андрей Кончаловский және Алла Сурикова сияқты әйгілі режиссерлердің фильмдерінде ойнаған.

Өкінішке қарай, ауыр дертке шалдыққан актер 2009 жылдан бастап театр мен кинодағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар