Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда жаңа пәтерін сатқандар да салық төлейтін болады

13:00, 25 қазан 2025 131
 

2026 жылғы қаңтардан бастап енді алған пәтерін екі жылға жетпей сатқандар мемлекетке ақша төлейді, деп хабарлайды Alash.kz.

Қосылған бағаға 10% мөлшерінде табыс салығы салынады. Бұл туралы Информбюро бағдарламасында айтылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Айгүл Аббасованың мәліметінше, бұл тәртіп жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. 

"Айта кететіні, 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі. Мысалы, баспананы сату кезінде 36 миллион теңгеден артық қосылған бағаға салық мөлшері 15% болады. Ал 36 миллион теңгеден төменге 10% мөлшерінде салынады", – деді Айгүл Аббасова.

Қаңтардан бастап Қазақстанда азаматтар алған жылжымайтын мүлікті екі жылға жетпей сатса, мемлекетке табыс салығын төлеуге міндетті болады. Бұл ереже жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. Бұған дейін үйді салықсыз сату үшін тек 1 жыл күту жеткілікті еді.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар