Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайрат" футбол клубы екінші жыл қатарынан Қазақстанның чемпионы атанды

17:02, 26 қазан 2025 178

Алматылық "Қайрат" пен елордалық "Астана" клубтары Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында кездесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Кездесу Орталық стадионда өтті, ал ойынды Италиядан келген төреші Маттео Маркетти басқарды.

Алғашқы минуттарда алматылықтар белсенді ойнап, есеп ашуға тырысты. Алайда көп ұзамай "Астананың" капитаны Марин Томасов өзіне тән стильде гол соғып, есепті ашты.

Ал екінші таймның басында "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, есепті теңестірді – 1:1. Матчтың қалған бөлігінде қос команда да сақ ойнап, нәтижені өзгерте алмады.

Осы тең нәтижеден кейін "Қайрат" 59 ұпай жинап, чемпиондық атағын сақтап қалды. Ал "Астана" екі ұпайға артта қалып, Премьер-лиганың күміс жүлдегері атанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар