Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда ипотеканың пайызы биыл төмендемейтін болды

16:08, 25 қазан 2025 76

Қазақстанда ипотекалық несиелердің пайыздық мөлшерлемесі биыл төмендетілмейтін болды. Бұған дейін шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25 пайыздан 20 пайызға дейін азайту қараша айына жоспарланған еді, деп жазды Alash.kz.

Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл өзгерісті 2026 жылғы 1 шілдеге дейін шегеріп отыр, - деп хабарлады Информбюро 31.

Massaget.kz жазуынша қазір банктерге ипотеканы 25 пайыздық мөлшерлемемен беруіне ешқандай шектеу жоқ. Мемлекет кейінгі жылдары тұрғын үй несиесін арзандатып, халыққа қолжетімді етуді көздеп келеді. Бірақ экономикалық жағдай мен инфляция деңгейі жоспарды жүзеге асыруға кедергі болған.

Ал Ұлттық банктің ресми өкілі Асан Ахметжан инфлиция бұған дейін төмен болғанын атап өтті.

"Бұған дейін инфляция 10-11 пайыз шамасында, ал базалық мөлшерлеме 16,5 пайыз деңгейінде болды. Сол кезде 20 пайыздық шекті мөлшерлеме орынды саналатын. Ал қазір инфляцияның жоғары болуы және ақша құнының өсуі бұл параметрді қайта қарауды талап етеді", – деді Асан Ахметжан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар