Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Экстремистік ұйым” деп танылуы керек”. Қоғам белсендісі Серікжан Біләшқа қатысты өткір мәлімдеме айтты

17:29, 05 мамыр 2026

Қоғам белсендісі Серікжан Біләшқа қатысты құқықтық баға беруді сұрады, деп хабарлайды Alash.kz порталы. 

Қоғам белсендісі Сардар Әбдіжақия әлеуметтік желіде Серікжан Біләштың мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіріп, құзырлы органдарды бұл жағдайға назар аударуға шақырды.

Оның айтуынша, Біләштың билікке, сот және прокуратура өкілдеріне қатысты айтқан сөздері қоғамда алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Белсенді мұндай мәлімдемелер ел ішінде арандатушылық сипат алып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп есептейді.

Сардар Әбдіжақия Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ақорда өкілдерінен аталған мәселеге құқықтық баға беруді сұрады. Сондай-ақ ол ел тыныштығы мен тәуелсіздігі бәрінен қымбат екенін атап өтті.

Автордың пікірінше, Қаңтар оқиғасынан кейін қоғамда арандатушылыққа жол берілмеуі керек.

Еліміздің тыныштығы мен қанша адамның өмірінің құрбандығы арқасында келген тәуелсіздігімізге қастандық ойлаған адам қылмыстық жауапқа тартылып абақтыға тоғытылуы шарт!

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін, Серікжан секілділердің сандырағына айырбастамаймыз! Қаралы қаңтар сабақ болып, ондай жағдайдың қайталануына жол берілмеуі тиіс!

Мемлекетіміздің,  халқымыздың тыныштығы мен тәуелсіздігі бәрінен қымбат! - деп жазды ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар