Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екі жарым сағатқа созылды" - Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

14:47, 14 мамыр 2026
 

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды, деп хабарлайды Alash.KZ

Infohub.kz таратқан мәліметке сәйкес, операция жоспарлы түрде өткен. Хирургиялық араласу шамамен екі жарым сағатқа созылып, оны танымал кардиохирург Юрий Пя жүргізген.

Дереккөздердің айтуынша, бұл ота былтыр жасалуы тиіс болған. Алайда Тұңғыш Президенттің жұмыс кестесіне байланысты кейінге шегерілген.

Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Дәрігерлердің бақылауындағы экс-президенттің денсаулығы жақын күндері жақсарса, ауруханадан шығуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар