Бақытжан Байжановтың анасы сот отырысында шу шығарды. Ол тағайындалған жаза әділетсіз екенін айтып, сот залында айғайлады. Судья оған бірнеше рет ескерту жасағанымен, ол тынышталмаған. Кейін судья оны сот залынан шығаруды тапсырды. Алайда Байжановтың анасы шығудан бас тартып, қарсылық білдірді деп жазады Alash.KZ
Соңында оны сот қызметкерлері мен полицейлер көмегімен залдан алып шыққан.
Ал Байжановты ақтау туралы өтініш қанағаттандырылмады. Сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, ол Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты 4 жылға сотталған еді. Ал өткен жылы оның өтелмеген жаза мерзімі үштен бір бөлікке қысқартылған еді. Осылайша түпкілікті жаза мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру болып белгіленген.