Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көкшетаудағы көлік апаты: Адам өмірін қиған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

16:47, 13 мамыр 2026

Көкшетау қаласында 9 мамыр күні жол талғамайтын көліктің тұрғынды басып кеткен оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп жазады Alash.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі дайын болған бойда іс бірден сотқа жолданады. Қайғылы жағдай үй ауласында орын алып, салдарынан бір әйел көз жұмған болатын.

Тексеру барысында көлікті басқарған әйелдің мүлдем жүргізуші куәлігі болмағаны және автомектепте оқымағаны ресми түрде расталды. Қазіргі таңда күдікті үйқамақта отыр. Сонымен қатар бұл іс бойынша оның күйеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Заң бойынша, көлік тізгінін құқығы жоқ адамға сеніп тапсырғаны үшін көлік иесіне бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал. Министрлік бұл істің толық әрі әділ тергелуін өз бақылауына алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар