Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиге өткір сұрақ қойып, министрлік жұмысын қатаң сынға алды, деп жазады Alash.kz.
«Жалпы, сіздердің жауаптарыңыздан түсінгенім: сіздер интернеттің сапасы мен бағасына жауап бере алмайды екенсіздер. Тіпті мәжбүрлі жарнаманың өзіне де. Біз трафикке төлейміз, бірақ YouTube болсын, басқа платформалар болсын, біз қаламаған жарнамаларды телефонымызға жібереді. Автоқоңыраулар туралы да айтылды. Одан да қорғай алмайды екенсіздер. Осы тұтынушылардың құқығын кім қорғайды? Соны айтыңызшы. Сол адамға барып шағымданайық. Сіздің мазаныңызды алмайық», - деді Мәжіліс депутаты.