"Педагог мәртебесі туралы" заңға маңызды өзгеріс қабылданып, Сенатқа жолданды, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Threads парақшасында жазды,
"Бұдан былай педагог оқушының қауіпсіздігі үшін тек мектепте, сабақ уақытында және өз лауазымдық міндеттері аясында ғана жауапты болады. Президент тамыз кеңесінде ұстаздардың жауапкершілігі тек оқу-тәрбие процесімен шектелуі тиіс екенін қадап айтқан болатын. "Педагог мәртебесі туралы" заңға маңызды өзгеріс қабылданып, авторлық заңымыз Сенатқа жолданды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.