Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық кәсіпкер Азамат Қапенов әлеуметтік желіде видеомәлімдеме жасап, өзіне қатысты айыптауларды жоққа шығарды. Ол «Қазақстаннан қаржы жымқырып, шетелде жасырынды» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ
Кәсіпкердің айтуынша, оның отбасына тиесілі «Евротрансгрупп» компаниясы Қытаймен шекарадағы Достық станциясында ірі логистикалық порт салып жатыр.
Қапенов 51 гектар жердің жеке меншіктен сатып алынғанын және жоба банк несиесі есебінен жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Оның мәліметінше, 2022 жылы басталған нысан құрылысы 2023 жылдан бастап айына шамамен 1 млн доллар табыс әкеле бастаған.