Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күйеуі кім болса да жауап береді»: Сенатор Көкшетаудағы қайғылы оқиғаға пікір білдірді

11:43, 14 мамыр 2026
 

Сенат депутаты Марат Қожаев Көкшетауда әйелді көлікпен қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қоғамдағы резонансқа пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ

Соңғы күндері әлеуметтік желіде жол апатына кінәлі әйелдің күйеуі жоғары лауазымды полиция қызметкері болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Осыған байланысты журналистер Сенат кулуарында Марат Қожаевтан пікір сұрады.

«Шынын айтсам, бұл тергеуге араласқан жоқпын. Барлығы анық көрініп тұр. Оқиға видеоға түсіп қалған. Ол кім болса да, күйеуі кім болса да, қазір бізде “заң мен тәртіп” қағидаты бар. Қандай қызмет атқарғанына қарамастан, бәрі заң аясында құқықтық баға алады», - деді сенатор.

Сонымен қатар, Қожаев жүргізуші әйелдің күйеуі расында қандай да бір лауазым иесі болғаны туралы нақты ақпарат жоқ екенін айтты.

«Өте сұмдық жағдай. Әйел адам көлік жүргізуді оқымаған, жүргізуші куәлігі де болмаған, ешқандай машығы жоқ бола тұра рөлге отырған», - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Көкшетауда болған өлімге әкелген жол апатының видеосы тараған еді. Кадрларда жол қиылысында бұрылған жол талғамайтын көлік әйелді қағып кеткені көрінеді.

Апаттан кейін жәбірленуші көліктің астында қалған. Кейін оның жалғызбасты ана екені белгілі болды.

Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейінірек рөлде отырған әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар