Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алдағы шығармашылық жоспарын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
”Өскеменде құтқарушылар жайлы жаңа фильм түсіріледі бұйырса,- деп жазды актриса Instagram парақшасында.
Продюсер кино әлеміне қалай қадам басқанын айтып берді.
“Кино ғашығымсың! Кино шабытымсың! Кино абыройымсың! Кино дамытушымсың! Кезінде тойда ән айтып жүргенде, қиялдап елестететінмін, кино әлемінде жүрсек жақсы кинолар түсірем екен деп. Тек тойға шығып қалып кетпесем екен, арманымды орындай алмай қаламын ғой, тарылып қаламын ғой деп… Құдайға шүкір, жарнама кино әлемінің адамдары келгеніне. Бірге жүрген жандарға тек алғыс, құдай тілеулерін берсін”,- деді Дариға Бадықова.