Әнші Жазира Байырбекова үлкен ұлына жар іздеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы «1001 түн» бағдарламасында баяндады.
Жазира Байырбекова жұлдызды қонақ болды.
Ол қазіргі таңдағы өмірі мен шығармашылығында болып жатқан жаңалықтарын бөлісті.
«Кейбір қыздарға қарап, шіркін-ай, осы бойжеткен менің келінім болса ғой деп армандап, ғашық болатынмын. Солай 2 рет ұзатып жатқан қыздар ұнатып, көңілім түсіп ене ретінде тамсандым. Менің ұлыма да дәл осындай қыз жолықса екен деп армандаймын», - деді әнші.