Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Едәуір азайды». Маңызды! Жылжымайтын мүлік нарығы туралы тың жаңалық шықты

12:19, 11 ақпан 2026

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында 2026 жылдың қаңтар айында мәмілелер санының едәуір азаюы тіркелді, деп жазады Alash.kz.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сүйенсек, бір ай ішінде республика бойынша барлығы 27 745 нысан сатылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың желтоқсан айындағы мәліметтермен салыстырғанда 47,8 пайызға төмен.

Нарықтың құрылымдық көрсеткіштері бойынша есепті кезеңде жасалған мәмілелердің 21 725-і пәтерлерді сатып алуға қатысты болса, жер үйлерді сату бойынша 6 020 келісімшарт ресімделген. Сауда белсенділігінің төмендеу үрдісі елдің барлық аймақтарында біркелкі байқалып отыр.

Өңірлік бөліністе сауда көлемінің ең көп қысқаруы еліміздің солтүстік және шығыс бөліктерінде байқалды. Атап айтқанда, Павлодар облысында көрсеткіш 68,1 пайызға, Абай облысында 64 пайызға, ал Солтүстік Қазақстан облысында 57,3 пайызға кеміген. Мәмілелердің жалпы саны бойынша Астана (5 375) және Алматы (5 191) қалалары әдеттегідей жоғары көрсеткішке ие. Керісінше, ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, ай бойына бар болғаны 283 нысан иесін тапқан.

Сарапшылардың пікірінше, нарықтағы мұндай динамика маусымдық кезеңмен және желтоқсандағы жоғары белсенділіктен кейінгі сұраныстың реттелуімен түсіндіріледі. Дегенмен, қаңтардағы көрсеткіштің 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға төмен болуы жылжымайтын мүлік нарығындағы жалпы сұраныстың баяулауын айғақтайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар