Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дзюдодан топ жарған қазақ қызы жұлдызды жеңісін ата-анасына арнады

12:55, 11 мамыр 2024 1218

Ғалия Тынбаева дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде топ жарды. Спорт саңлағы бүгінгі жарысты да қорытындылап, қолдау көрсеткен жандар мен жақындарына шексіз алғысын білдірді, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы  Olympic.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

"Осы жарыстан медаль алайыншы деп тіледім. Көбірек дұға еттім. Қазақстанда өтіп жатқан соң, финалға шығып, алтын алсам деп армандадым. Бәрі сәтті аяқталды.

Бүгінгі қарсыластарымның бәрі де мықты. Ал финалдағы қарсыласым Сабина Гилязованы ерекше атап өткім келеді. Ташкенттегі турнирде де сол қыздан жеңілдім. Екеуміз өзара бірнеше рет кездестік. Бүгін, міне, жеңіс маған бұйырды.

Маған қолдау білдірген жанкүйерлерге, маған көмек қолын созған барлық жанға рахмет айтамын.

Бүгінгі жеңісімді ата-анама арнаймын. Қиындықта да, қуанышта да қасымда болған солар. Енді әлем чемпионатына дайындалып, сол жақта да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын", - деді Тынбаева. 

Еске сала кетейік, Ғалия Тынбаева финалда Сабина Гилязованы (Ресей) жеңіп, қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam жеңімпазы атанды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар