Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Думан Мұхамедкәрім, Айгерім Тілеужан, Марат Жыланбаев түрмеде шіріп жатыр". Желтоқсаншы наразылық білдірді

19:20, 31 мамыр 2024 606

Бүгін Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада желтоқсаншы Сағила Шәмшабаева «бетке айтқанның бәрі түрмеде шіріп жатыр, Қазақстанда қашан демократия болады?» деп, өз наразылығын білдірді, деп жазады Alash.kz

 

Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, академия Хангелді Әбжанов қуғын-сүргін жайлы сөйлеп, өткен ғасырда халық қалай қуғындалғаны жөнінде сөз сөйлеген. Сөз арасында профессор осындай жайттар қайталанбасын деп тілек білдірген. Осы кезде оның сөзін желтоқсаншы Сағила Шәмшабаева бөлді дейді Ulysmedia.kz.

«Қайталанбасын дейді. Неге қайталанбайды? Біздің бетке айтқан журналистер, батырларымыздың бәрі – Думан Мұхамедкәрім, Айгерім Тілеужан, Марат Жыланбаев түрмеде шіріп жатыр. Өткен күнді айтамыз. Өлі риза болмай, тірі байымайды дейді. Дұрыс! Еске алу керек. Азаттық келді дейді. Қай жақтың азаттығы? Жылап-еңіреп жатыр, халық деген қайыршы. Осындай байлықтың үстінде отырып. Желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар – қаншама адамды қырып тастады», - деді ол.

Желтоқсаншы президентке жағымпаздануды қоюға шақырды.

«Тоқтатыңдар өтірік сөйлегенді! Қазақ қайыршы. Түгел үйсіз-күйсіз. Неге мұнда келіп алып, жылтыр сөйлейсіңдер?» - деді Сағила Шәмшабаева.

Оның сөзін академик «бүгін басқа тақырып» деп бөлмек болғаны көрінеді. Желтоқсаншыны маңайындағы адамдар сабырға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 254