Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәрі-дәрмектің түр-түрін ішіп көрдім: Ләйлә Сұлтанқызы үш жыл бойы қатты ауырғанын айтты

09:26, 04 маусым 2025 406

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріндегі ең қиын сәттерін еске алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол бұл туралы инстаграм желісінде бөлісті.

Қайрекең қайтқалы үш жылға таяды. Психологиялық сырқаттың талай түрін бастан кешірдім. Дәрі-дәрмектің де түр-түрін ішіп көрдім. Қандай психологиялық дерт болса да, бәрі басымнан өтті.

Осындай сәтте жаныңдағы жақындарың мен достарыңның қолдауы өте маңызды. Уақыт емдемейді, тек жараның бетін сәл жазады…

Мен мұны неге жазып отырмын? Әр адам түрлі кезеңдерді бастан кешіреді. Қателесу, әлсіз болу, сағыңның сынуы бұл қалыпты жағдай. Мойындап қабылдай біліңіз, ұят емес, ештеңе етпейді.

Инстаграмның ар жағындағы өмір мүлде басқа. Жылтыраққа ұмтылып, көп ресурсыңызды қажеті жоқ дүниеге жұмсамаңыз. Ортаңыз сенімді болсын, балаларға дұрыс тәрбие беріңіз, менталдық саулығыңызды бірінші орынға қойыңыз», — деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар