Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дәретін ішкізіп, нәжісін жегізді». Емшінің тұңғышы асыранды кезінде көрген азабын айтып берді

11:49, 02 шілде 2024 579
Халық арасынша емші есебінде танылған Ұлықбек Сманов балалар үйінен алты баланы асырап алып, үш жыл бойы қорлап келгенін жазған едік. Көкбұлақ ауылы тұрғынының оғаш әрекетін тұңғыш баласы да нақтылап, әкесінен көрген адам шошырлық қорлығын баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Емшінің перзенті бұл хақында "Көреміз" бағдарламасында мәлімдеді. Асырап алған ата-анасынан адам айтса сенгісіз қорлық көрген балалардың үлкені жағдайды баяндап, жаға ұстатты:   

“Әкем жиі қол көтеретін. Қойлар жоғалса, мені ұратын. Таңда тұрғызып, малға шөп салғызатын. Басымды жарып, өзінің дәретін ішкізді. Ол үйде жүре бергенде менің жағдайым қиын болатын. Күн сайын ауыр жұмыстар істеткізетін, тек сабаққа кеткенде ғана сәл демалатын едік. Сабақтан келген бойда малдың шөбін салып, қораға кіргізетін. Қыста малдар өліп қалса, етін бізге сойып беретін. Бәріне бізді кінәлайтын. Малға бірдеңе болса бізді таяқтың астына алады. Бір күні өлген иттің етін де жегізді. Үйдегі төрт баланың қолын байлап қояды. Жан-жаққа кетіп, ойнап кетпеуі үшін қолдары байлаулы жүретін. Көрші адамдар көрді. Бауырларым дәретін жіберіп қойса, нәжісін жегізетін еді”, – деді бала.

Болып жатқан жағдайларды айналасының байқамағаны да айтылы. 16 жастағы баланың бойындағы өзгерістер мектептегі сыныптастарына да, мұғалімдеріне де байқамалмаған. Ұлықбек Сманов ата-аналар жиналысына да қатысқан. Оның психикалық сырқатын ешкім аңғармағаны да айтылады.

Емшінің қораш әрекеті журналистер тарапынан да, редакция тарапынан да талай жазылды:  Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында республикалық арналар “Әруақты емші” деген желеумен дүркін-дүркін хабарлар жасап, газеттер сала-құлаш мадақтау мақалалар жазған Ұлықбек Сманов хақында айтты. Емшінің өзін бала жастан танитын оқырманы әрі Ұлықбек Сманов қарындасының жазбасын бүкпесіз жекізді. 

Ұлықбек Сманов Оңтүстік өңірде, Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында туып өскен. Ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. Нақты жасы 51-де. Әжесінің айтуынша, бала кезде кешкісін Бадам өзенінің жағасында ұйықтап қалған, содан ауытқу басталды. Көрші-қолаң мазақтап күліп, ата-әжесі “баламыздың өз әлемі бар” деп қорғаштайды. Есейе келе ауытқуы асқынып, психдиспансерде емделгені рас. Кейін "әруақ қонды" деп арқасы қозып, өздігінен сағаттап сөйлей бастайды. Өзі де зікір оқып, қамшымен дем саламын деп жүрді. Арасында қазақ-араб университетін оқыдым деген, 2010-шы жылдары Отырар колледжінде музыкадан сабақ та берген. Кейін үйленіп, мал бағып, малды-жанды болып тұрмысы көтерілді. Индира жеңгеміз біртоға, жуас, тек бала көтере алмады. Ұлықбек ағам екеуі әжемді өле-өлгенше бағып қарады.
“Бір биеден ала да, құла да туады” демекші атам мен әжем ауылға сыйлы жақсы кісілер еді, артынан мынадай сөз еріп…

Кейіннен журналистің оқырманы психиатриялық ауруханада есепте тұрған емшінің 6 баланы асырап алуына жол бергендерге күйінеді: 

Ол психбольницада учетта тұрса, асырауға 6 баланы кім берді, неге берді, неге тексермеген? Бұл үйде 6 бала барын біз, тіптен, білмедік. Әлде жүйке ауытқуын біліп, бауырымызды біреу подставить етті ме екен? Ақшаға мұқтаж емес, мал-жаны бар адам. Өмір бақи қараусыз мысық-күшікті жағалап, артынан шұрқыратып тамақ беріп жүретін. Егер, 4 жыл бойы 6 балаға ақша алып келсе, оны қайда, кім жұмсады екен? Сауал көп, жауап жоқ. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Смановқа қатысты тергеу аяқталды. Сот шешімімен бала асырап алу мен қамқоршылық жойылған бойда балалар әртүрлі қалалардағы балалар үйіне жіберіледі. 6 балаға ит пен мысықтың етін берген емші сотталмайтын болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар