Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 млн доллар ұтты: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

10:00, 09 қараша 2025 111

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен WTA Finals турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Alash.KZ.

Ол финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Бұл жеңісі үшін Қазақстан теннисшісі 1500 ұпай және 5 млн доллар ұтты.

Турнир барысында Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті де жеңген.

WTA Finals – жыл бойы ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз теннисші ғана қатысатын жылдың қорытынды жарысы, деп жазды Azattyq.org.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар