2022 жылы жастар бірлестігі «Дала Қырандары» республикалық #жаттығу бастамасын қолға алған болатын.
Биыл мамыр айында бұл қозғалысқа еліміздің 20-дан астам қаласындағы жастар қолдау білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қырандар тозығы жеткен спорт алаңдарын жөндеп, оларды өз қамқорлығына алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастаманың мақсаты – жастарды аула спортын дамытуға тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Себебі, дені сау ұрпақ – ауладағы қарапайым ойын алаңынан басталады.