Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әлемдегі қазіргі ахуал”: Шұғыл жаңалық! Тоқаев пен Путин телефон арқылы не туралы сөйлесті?

15:28, 27 қазан 2025 493

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. 

Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. 

Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар