Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы көз жұмды (ФОТО)

14:38, 27 қазан 2025 331

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбеде» екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.

Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.

Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен  әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады”,- делінген ресми парақшада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар