Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында не себепті депутат болудан бас тартқанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Мен үш рет депутаттыққа ұсынылдым. Екі рет «Нұр Отан» партиясының атынан, бір рет жергілікті «Бостандық» ауданының әкімінің атынан ұсынылдым. Мен үшеуінен де бас тарттым. Мен депутат емеспін. Мен саясаткер емеспін. Мен заңгер емеспін. Ол жерде отырған біздің әріптестерді көрдің ғой. Отырған әнші, актерлерді білесіз. Атын атамай-ақ қояын. Не бітірді, не айтты. Не үлес қосты. Менің ойымша, атақ үшін барды», - деді Роза Рымбаева.