Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Челси» футбол клубы Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады (ФОТО)

16:38, 24 шілде 2026

Англияның «Челси» футбол клубы жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін белгілеп, құрамға қатысты түпкілікті шешімін жария етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Лондондық ұжымның соңғы құрамына Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев та енгізілген. Шақырылған футболшылардың толық тізімін ағылшындық клуб өзінің ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырды.

Алда жоспарланған турне шеңберінде «Челси» командасы Австралия мен Азия құрлығында бірқатар сынақ матчтарын өткізеді. Атап айтқанда, олар «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» клубтарымен жолдастық кездесулерде бақ сынайды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар