Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«46 жастағы әйел пойыздың астына түсіп қалған»: Жамбыл облысында сұмдық оқиға орын алды

09:36, 24 шілде 2026

Жамбыл облысының Шу қаласында жүк пойызы платформасының астына түсіп қалған 46 жастағы әйел ауыр жарақаттармен жансақтау бөліміне түсіп, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін арпалысып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Көліктегі полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Куәгерлердің айтуынша, оқыс жағдай азаматша станция маңындағы теміржолды кесіп өтіп бара жатқан сәтте орын алған: белгісіз себептермен негізгі құрамнан бөлек қозғалған жүк пойызының платформасы оны басып кеткен. Соққы салдарынан зардап шеккен тұрғынның қабырғалары мен омыртқасы бірнеше жерден сынып, ішкі ағзалары қатты зақымдалған.

Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханасы бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Қаһраман Сафаров науқастың қазіргі жағдайы туралы:

«Бүгінгі күнге дейін шокқа қарсы терапия шаралары жүргізіліп жатыр. Телефония желісі арқылы нейрохирургтермен және торакалды хирургтермен байланыс орнатылып, телемедицина форматында тиісті емдеу курсы толық келісілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан, оны басқа жаққа тасымалдауға мүлде болмайды», – деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар