Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әжетханаға құлап кеткен»: Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін қаза тапты (ВИДЕО)

«Әжетханаға құлап кеткен»: Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін қаза тапты (ВИДЕО)

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бүлдіршін аула ішіндегі әжетханаға құлап кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы жағдай 22 шілде күні Ақсу-Жабағылы елді мекенінде тіркелген. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері:

«Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен», – деп хабарлады.

Төтенше оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы топтары, жедел медициналық жәрдем бригадасы, жергілікті полиция бөлімінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының мамандары шұғыл жеткен. Арнайы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құтқарушылар кішкентай баланың денесін сыртқа алып шықты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар