Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев ұсталған кезде "біртүрлі" сұрақ қойған полицейлер жазаланды

09:35, 27 мамыр 2024 545

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде алғаш тергеу жүргізген полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Alash.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Айта кетейік, полиция қызметкері Бишімбаевты ұстаған кезінде Салтанат Нүкеноваға қатысты "осы жағдайға жеткізген өзі ме?" деп сұраған болатын. Бұл полицейдің жетонына түсіп қалған. Ал видео 8 сәуірде сот талқылауы барысында көрсетілді. 

ІІМ мәліметінше, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланған деп жазды Dalanews.kz.

Еске салайық, Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы 13 мамырда өтті. Үкім бойынша Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар