Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев марқұм әйелін отбасылы адаммен кездесті, порнографиялық видеодағы қыз оған ұқсайды деді

01 сәуір 2024 538

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында басты айыпталушы ретінде іске қатысты өз нұсқасын айтты.

Бишімбаевтың сөзінше, Салтанат Қазақстанда танымал отбасылы адаммен кездескенін мойындаған.

"Сол күні кешке ол маған мойындады. Мен одан неге бұлай жүйкесі сыр беріп жүргенін сұрадым. Одан түсіндіріп беруін сұрадым. Тойдан кейін 3-4 күн өткен еді. Ол менің кабинетімде бір адамның суреті тұрғанын айтты. Суретте мен онымен бірге (Нүкенова айтып отырған адаммен бірге - еск.) түскенмін. Ол бір кездері сол кісінің ашынасы болғанын айтты. Мен онымен таныспын. Әрине, бұл ақпарат мені есеңгіретіп тастады.

Одан 20 жастай үлкен, 4 баласы бар, Қазақстанда кәдімгідей танымал адам. Тек есімін айтайын, оның есімі - Райымбек.

Мен ренжідім, ол адамды білемін. Жұмыс бойынша бір кездері кездескенбіз. Ортақ танысымыз да көп. Бізде бір-бірімізге бәрін ашық айтатын уақыт болған кезде олай істемегеніне ренжідім. Одан неге айтпағанын сұрадым. Ол "бұл біздің қарым-қатынасымызға әсер етеді" деп қорыққанын жеткізді", - деді Бишімбаев.

Сонымен қатар, бұрын да сотты болған экс-министр өзге де адамдардың есімдерін атады. Оның сөзінше, Салтанат отбасылы адамдармен кездескен.

27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Бұған дейін Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға порнографиялық видеоларды көрсетіп, видеодағы сен емес пе деп сұрап, қысым көрсеткені айтылған болатын.

«Маған телеграм-арнаға сілтеме келіп, «Мына видеоны ашсаңыз әйеліңізге ұқсайтын адамды көресіз» деп жазылып тұрды. Бұл түнде болған жағдай. Мен таңғалып, ақтарып, эротикалық видеоны көрдім. Видеодағы қыз қатты ұқсайды. Түрі көрінбейді, бірақ қатты ұқсайды. Мен Салтанатқа видеоны көрсетіп «Кешірші, неге маған мынаны жіберіп жатыр?» деп сұрадым», - дейді Қуандық Бишімбаев.

Бишімбаев Салтанаттан видеодағы кім екенін түсіндіруді сұраған. Оның сөзінше, бұл оқиға олар үйленгеннен кейін 10 күннен соң болыпты.

«Отбасылық өміріміз осылай басталды. Ол видеодағы ол емес екенін айтқанына сенгенім түсінікті», - дейді Бишімбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?