Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бишімбаев жазадан құтылып кетсе, елімізде болашақ жоқ деген сөз" - қорғаушы

09:38, 03 мамыр 2024 583

Бишімбаев сотында тараптардың жарыссөзі болды кеше. Прокурор мен зардап шегуші тарап қорытынды сөздерін айтты.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Нүкенованы өлімге әкелген басындағы гемотоманың көлемін құтыға құйып көрсетті.

Сөзінше, марқұмның басына 230 мл қан жиналып, миын қысқан. Ал авдокат Дамир Ишмаметов Бишімбаевтың түсірген видеоларынан бір сұрақты 175 мәрте қойғанын аңғарған. Өзі керекті жауапты ала алмаған соң Нүкеноваға соққы жасай берген.

Салтанаттың ағасы Айтбек қарындасының ана болуды және ата анасының биылғы 60 жасында бірге шетелге саяхаттауды армандағанын жеткізді. Сөзін Қуандық Салтанатты қинап өлтірді, лайықты жазасын алуы керек деп түйіндеді.

Қорғаушы "Бишімбаев жазадан құтылып кетсе, елімізде болашақ жоқ деген сөз" деп қортындылады сөзін.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар