Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев 24 жылға сотталды

17:06, 13 мамыр 2024 842

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа бүгін сот үкімі шығады, - деп хабарлайды alash.kz.

"2024 жылы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды", - деп хабарлады Жоғарғы сот.

Cонымен, Бишімбаев тағылған айып бойынша, экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ал Байжанов сот үкімімен ол 4 жылға сотталды.

Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталды: 432-бап "ауа ауыр қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "аса ауыр қылмысты хабарламау".

Айта кетейік, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша бірнеше сот отырысы өтті. Оны дүйім жұрт Жоғарғы соттың YouTube арнасынан онлайн қарады.

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова, Ерлан Ғазымжановтар қорғады.

Ал марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен оның отбасының адвокаттары – Жанна Оразбахова мен Әлия Омарова, Игорь Вранчев.

27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды:

  • аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
  • азаптау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар