Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Билікке келсем, Димашты Қазақстанға кіргізбеймін» - Белсенді Серікжан Біләш әйгілі әншіге жауықты

01 маусым 2024 6671

Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың жобасы» деп атап, билікке келсе Димашты Қытайға қайтарып жіберіп, Қазақстанға кіргізбейтінін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Серікжан Біләш «Atajurt Kazakh Human Rights-USA-АҚШ» Youtube арнасында Димаш Құдайбергенге қатысты пікір білдіріп, даулы мәлімдеме жасады. Белсенді қазақтың атын әлемге әйгілеген танымал әнші Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың жобасы» деп атап, билік тізгінін ұстаған жағдайда "елге кіргізбейтінін" жеткізді.Skifnews.kz ақпарат порталы белсенді пікірін жариялады.

«Димаш Қытайдың жобасы. Оны Америка емес, Еуропа емес дәл Қытай шығарды. Мисыз халқым соны түсінбейді. Мен билікке келсем Димашты Қытайға қайтарып жіберемін, Қазақстанға кіргізбеймін»,- деді белсенді.

Бір айта кетерлігі, белсендінің әншіге қатысты мұндай даулы пікірі оқырмандарды ашындырып, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Аталмыш видео көп пікір жинады. Әлеуметтік медиа алаңында белсендінің пікірін қолдау таппады. Даттағандар Димаштың талантын, әншіге деген құрметін алға тартып, қарсы пікір жазып жатыр:  

"Сен кімсің Димашты Қазақстанға кіргізбейтін?", "Сізді халыққа жаны ашитын аға деп жүрсем, Димашта не құныңыз бар?" «Димашқа кері пікір айтатындар бар екен,олармен күресуге дайынмын!», «Димашым _ әлем мақтанышы», «Қазақты бір біріне айдап салу саясаты бұл. Қазақтың көзі ашылды қазір, кімнің дос, кімнің дұшпан екенін біледі. Димаш бүкіл әлем таныған қазақтың асылы», деп желі оқырмандары төпелей жазып жатыр.

 

Естеріңізде болса, біз бұған дейін де әншілердің Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан пікірлерін жариялағанбыз. 

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында өзінің Димаш Құдайбергеннен асып түсетін әншіні дайындаймын деп айтқан. 

Кейіннен ұстаз, қаламгер, журналист Әбдірашит Бәкірұлы Димаш Құдайбергенмен "санасқан" әншілердің әрекетін сынап, сөзбен сойып салды.
 
Қаламгер өзінің әлеуметтік желі парақшасында Димашпен бәсекеге түсіп жатқан әншілердің әрекетіне қатысты пікір білдіріп, мұны Димаш абыройы арқылы өзін көрсеуге тырысу әрекеті деп баға берді:   
...Мен Димаштан бұрын бардым...
...Мен Димаштан асқан шәкірт шығарам...
Мен... Мен... Мен..
Өзін көрсету үшін көп адам Димаштың есімін қосарлап айтатын болыпты...
Осы Айгүл ханымның өнерде бұза-жара шыққан биігін де көрмеппіз...
Енді "Димаштан асқан шәкірт тәрбиелеймін" деп қапты...
Неге Ермек Серкебаевтан асқан демейді..
Не Қайрат Нұртастан...
Яғни, ол "Димаш биігі" - адамзат мойындаған биіктік екенін біліп, өзін сол "биікке" сүйреп шығарғысы келеді...
Алайда, ол өз шәкіртіне Димаш алған тәрбиені бере ала ма?
Қаншама академик болса да, ол күмәнді...
Себебі, Айгүлдің бойында ондай шынайы қазақ тәрбиесі кем.
Қалайша сонда ол "Димаш деңгейін" өзіне қарап өлшемек?...
Роза ханым да "Су тасқыны болған жерге мен Димаштан бұрын жеттім" дейді...
Неге министрден бұрын емес?
Мұнда да Димаш...
Әу "жұлдыздар", айна өз бетін өзі сүрте алмайды, оны оған қараған адам сүртеді.
Со сияқты, сіздер де өз амбицияларыңызды сүрткізіп қойыңдар анда-санда!
...Ал Димашқа бүкіл әлем "Ғарыштан түскен әнші", "Құдайдың адамзатқа берген сыйы" деп әлдеқашан ат беріп, әспеттеп қойғанынан хабарсыз адам таппайтын шығармыз бүгінде!..
"Димаш - комостан түскен қазақ" - сіздер үшін (Айгүл мен Роза ханымдар) бір ғана шындық осы! - деп жазды қаламгер. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?