Күйеуінен 10 жыл бойы қорлық көрдім деген Сәкен Мамаштың экс-жұбайы сот үкімінен кейін сұхбат берді, деп жазады Alash.kz Tengrinews Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Карина Мамаш соңғы сот отырысынан шығып бара жатып, журналистердің “Бұрынғы күйеуіңіз 6 жылға сотталды, жеңілдеп қалдыңыз ба? Не сезінудесіз?” деген сұрағына көзіне жас алып жауап қатты:
Бұл туралы ашылып айту қиын. Ол соңына дейін ештеңе мойындамады. Сотта бәрін бұрмалағысы келді. Қысым жасап отырды.
Бұл - кек алу емес! Бұл - Әділдік!