Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев Талғар оқиғасы бойынша сұхбат берді

10:07, 03 қаңтар 2025 778

Мемлекет басшысы Талғар оқиғасы туралы да айтты. Сөзінше, елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс, деп жазады Alash.KZ.

«Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Көп ұзамай осы іске қатысты сот болады. Бұл оқиғаға орай құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келеді. Ал басқаның бәрі – құр дақпырт пен теріс пиғылды кейбір топтардың осы жағдайға саяси сипат беруге деген ұмтылысы ғана. Бұған жол беруге болмайды. Осы оқиғаға қатысы бар азаматтар бойынша мына мәселені еске салғым келеді.

Қазақ халқы шетелден келген отандастарын «қандасым» деп, құшақ жая қарсы алды. Тарихи Отанына оралғандар Қазақстанның заңдарына қатаң бағынып, қоғамдық тәртіпті сақтап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек. Олар бұрын өздері тұрған елде биліктің талабын сақтап, ондай әрекет жасаған жоқ қой?!», - деді Президент.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар