Актер Дәурен Айдарқұлов оқырман сауалына жауап беріп, тағы да үйленуге ниетті екенін жеткізді, — деп хабарлайды ALASH.KZ ozgeris.info сайтына сілтеп.
Әйеліңіз өзіңізден 18 жасқа кіші болса, қалай қабылдар едіңіз деген оқырман сауалына актер оң көзқараспен жауап берген.
«Ол бұрынғыдан да жасырақ көрінуге мүмкіндік береді», — дейді актер.
Желі қолданушылары Айдарқұловтың бұл жауабына түрлі пікір білдірді.
«Екі әйелің де тамаша адамдар еді. Өзіңде барды бағала», «Бұған жап-жас қыз тиеді деп ойлап отыр ма», «Екі рет ажырасып, бірінші әйелінің көзіне шөп салған», «Мынау тағы да әйел алмақшы ма», «Сізге бұл тақырыпты қозғамаған жөн», — деп жазды олар.