Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Болған оқиғаны бұрмалау үшін пиар ұйымдастырды. ". Бишімбаев өзіне қарсы көзқарас қалыптасып жатқанын айтты

14:44, 01 сәуір 2024 668

Қуандық Бишімбаев өзіне қарсы көзқарас қалыптасып жатқанын мәлімдеді.

«Егер құжаттармен танысқан болсаңыздар, айыптау актін естіген боларсыздар. Мен ұсталғаннан бері Салтанаттың туыстары да, ағасы да болған жайтты бұрмалап пиар-компания ұйымдастырған. Көзі ағып, бас сүйегі сынып, сау жері қалмаған дейді. Мұның бәрі өтірік. Айыптау актінде мұндай нәрсе жоқ. Мен өзімді қорғауға мәжбүр екенімді айтқым келіп отыр. Қандай жаза тағайындалса да дайынмын, бірақ мен өзімді қорғауым керек. Өтірік алдаудан маған пайда жоқ.

Мені бес ай бойы айуан дейді. Бес ай бойы бұрмалау арқылы маған қарсы көзқарас қалыптасты. Сөйлеуге мүмкіндігім болмады. Мен маған  тағылған айыпқа, бұрмаланған ақпараттың бірде-біреуіне жауап бере алмай, қандай күйде болғанымды түсінулеріңіз керек», - дейді Бишімбаев сотта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар