Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев сотқа қайдадан арыздана бастады

15:29, 09 маусым 2025 182

Бұл жолы экс-министр 1,6 миллион теңге көлеміндегі алимент мөлшерін қайта қарауды сұрады, деп жазады Alash.KZ. 

Бишімбаев экс-жарымен 2020 жылы үш баласына ай сайын алимент төлеу жөнінде нотариалды келісім жасаған. Енді ол түрмеде отырғанын, табысы жоқ екенін алға тартып, соманы азайтуды көздеген.

Осылайша, балаларының оқуына, емделуіне және демалысына қатысты шығындарды төлеу міндеттерін алып тастауды сұраған.

Алайда сот оның мүлкін 2024 жылы әдейі басқа адамдарға беріп, материалдық жағдайын нашарлатқанын анықтады. Сот балалардың мүддесін ескеріп, Бишімбаевтың талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар