Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең зерттеулер негізінде қабылданды" - Олжас Бектенов

16:31, 19 желтоқсан 2024 74

Үкімет басшысы шешім осыдан 7 жыл бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулерге сүйене отырып қабылданғанын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

«Ғалымдар табиғи уақытта өмір сүру адамдар үшін ең пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылып жатыр. Біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 – Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі. Біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік», - деді Олжас Бектенов Қостанай өңіріне жасаған сапарында. 

Премьер-министр бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір азаматтарға ыңғайсыздық әкелуі мүмкін екенін де жасырмайды. Бірақ адамның ағзасы оған да біртіндеп үйренеді дейді. Сөзінше, өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар туындаған жағдайда, инфрақұрылым, жарықтандыру, ыңғайлы кестені ұйымдастыру сияқты мәселелермен жұмыс істеу қажет. Үкімет осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешуге дайын көрінеді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар