Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бірнеше күн ас ішпей қайтыс болды: Жезөкше кішкентай баласын қараусыз қалдырып аштан қатырған

09:31, 14 қаңтар 2025 653

Ресейлік эскорт қыз Мексикада алты жасар ұлын аштан қатырды. Ол жаңа жыл қарсаңында баласын үйде жалғыз қалдырып, түнгі клубта жұмыс істеуге кеткен. Қазір әйелді жергілікті полиция іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT-тың мәліметінше, 34 жастағы Ольга 2018 жылы жергілікті адвокаттан ұл туған. Баланың есімі – Омар. Олар Мексикада тұрған. 2024 жылдың желтоқсанында Ольга түнгі клубтарда қосымша табыс табумен айналысқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әйел жезөкшелікпен айналысқан.

Жаңа жыл қарсаңында ол ұлын үйде жалғыз қалдырған. Клубқа жұмысқа кетер алдында дәрігерлерге қоңырау шалып, Омардын өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. 31 желтоқсан күні Инсургентес-Миккоак ауданындағы пәтерден әбден ашығып, әлсіреген бала табылған. Омарды ауруханаға жеткізіп үлгермей, жолда қайтыс болды.

Полицияға жауап берген кезде, баланың анасы испан тілін нашар білетінін, ештеңе түсінбейтінін айтып, жауап беруден бас тартқан. Кейін ол пәтерден қашып кеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.

Белгілі болғандай, әйел баланың әкесі қаржылай қолдау көрсетпейтінін жиі айтып шағымданған. Сонымен қатар, Ольга коммуналдық қызметтер мен пәтердің жалдау ақысын төлемеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар