Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бибісара Асаубаева шахмат федерациясы басшыларымен бірге детектордан өтуге дайын екенін мәлімдеді

06:47, 28 маусым 2022 204
Шахматшы Бибісара Асаубаев Қазақстан шахмат федерациясы басшылығының уәжінен кейін өтірік айтпағанын дәлелдеу үшін детектордан өтуге дайын екенін мәлімдеді. Ол шахмат федерациясының басшылығын да детектордан бірге өтуге шақырды.



21 маусымда Бибісара Асаубаева әлеуметті желідегі парақшасына шахмат федерациясы "президент әкімшілігінен ақша сұрауға танымал спортшыларды пайдаланады" деп мәлімдеген болатын.

"Бізді министрмен кездесуге сәт-сапар тілеу үшін апаратынына соңғы сәтке дейін сендім. Сөйтсек Дәрмен Сәдуақасов пен оның бастығы бізді Қазақстан шахмат федерациясының бюрократтарына 3 миллиард теңге сұрауға әкеліпті. Осы арсыз спектакльге қатысқаныма қатты ұяламын" деп жазған Бибісара Асаубаева Instagram парақшасына.

Оның постына Қазақстан шахмат федерациясы реакция білдірген. Федерация басшысы Ғалым Құсайынов "Өзбекстанда шахматты қалай қаржыландыратыны туралы мысал үшін айтылған сөзді Асаубаева дұрыс түсінбеген" деп санайды.

Қазақстан шахмат федерациясы басшысының нұсқасын тағы бір танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік қайталаған.

"Үш миллиард туралы ешқандай сөз болған жоқ. Өзбекстан шахмат федерациясын мысалға алдық. Оларға жылына 3 миллион доллар бөлінетінін айттық. Соның арқасында Өзбекстан қазір әлем рейтиггінде 37-орында тұр. Бибісара бәлкім шатастырған шығар немесе мұқият тыңдамаған болар", -дейді Жансая Әбдімәлік.

Жансая Әбдімәліктің пікірінен соң Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасына "ештеңе де шатастырмағанын" қайта жазды.

"Ешқашан ештеңені шатастырмаймын, ойдан да шығармаймын. Спорт министрі айтқандай, эмоциямен де қадам жасамаймын. Еліміздің президентінен түрлі желеумен сұрап отырған үш миллиард теңге (немесе Хусайнов мырзаларыңыз айтқандай үш миллион-ақ бола қойсын) – өте үлкен сома, оған федерацияның да еңбегі сіңген жоқ", - деп жазды Бибісара Асаубаева 26 маусымда.

"Өтірік айту мәселесіне оралайық. Жаттығуда жүрсем де уақыт тауып, полиграф тексерісінен өтуге дайынмын. Хусаинов пен Сәдуақасов мырзалар уақыты мен орнын белгілеп, менімен бірге детектордан өтсін. Үш адамның ақшасын өзім-ақ төлеймін", - деп мәлімдеді Бибісара Асаубаева.

Былтыр желтоқсанда Бибісара Асаубаева Польшада шахматтан блиц бойынша әлем чемпионатында алтын алған (жүріс ойластыруға шектеулі уақыт беретін шахмат ойыны). Қазақстан спортында мұны тарихи жетістік деп бағаланған. Өйткені Асаубаева шахмат тарихындағы әлемнің ең жас чемпионы болған. Сәуір айында Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар