Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баянауылда прокуратура қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны хабарланды

12:11, 01 мамыр 2024 609

Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкері, 29 жастағы азамат өз пәтерінде өлі күйінде табылды. Облыстық прокуратура аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала айтылған дерекке сексек, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растады.

«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қайтыс болған азаматтың екі баласы мен әйелі қайғыдан қан жұтып отыр. Еске сала кетейік,бұдан бұрын хатында бастығынан қысым көргенін жазған түркістандық полиция майоры өзіне қол жұмсағанын жазғанбыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар