Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Басы істемейтін адам емеспін…”: Жігер Ауыпбаев жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

23:03, 01 мамыр 2026

Әнші Жігер Ауыпбаев «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазады Alash.kz.

«Бәрі «Мектеп бітірген қыз ба, сабағын оқымай не істеп жүр?» деп жазып жатыр. Екеуміз әлі толыққанды сұхбат берген жоқпыз. Халық біржақты ғана пікір жазып жатыр. Мен де басы істемейтін адам емеспін. Ол 2003 жылғы қыз, қазір 23 жаста. Сол қызбен танысып, сөйлесіп, білісіп бастағалы біраз уақыт өтті. Ата-анасымен де таныстым. Қазір қыз бен жігіт болып жүрміз. Бойы кішкентай деп жатыр. Менің жаныма кімді қойса да, кішкентай ғой негізі. Менің бойым 1,95, жаныма кімді қойса да кішкентай болып қалады. Ол қыздың бойы 1,65. Өзімнен бойы ұзын адамды 1-2-ақ рет көрген шығармын. Бойына қарайтын болсам, өмір бақи бойдақ болып өтеді екенмін. Ойына, тәрбиесіне қарап сөйлесіп жүрміз. «Кішкентай қыз» деген әнді сол қызға арнап шығардым. Сәндібек Ботабаев деген композитор, ақын ініміз Ақтауға гастрольге барған кезде шығарып берді», - деді Жігер Ауыпбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар