АҚШ Президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Венесуэла аумағындағы есірткі тасымалымен айналысатын нысандарға әскери соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ресми мәліметтерге сәйкес, арнайы операция барысында есірткі заттары тиеледі деп болжанған айлақ пен ондағы су көліктері нысанаға алынған.
Ақ үй басшысы өз мәлімдемесінде аталған ауданда заңсыз есірткі айналымы белсенді жүзеге асырылғанын атап өтті.
Ол оқиғаның мән-жайын түсіндіре келе: «Олар қайықтарға есірткі тиеп жатыр. Сондықтан біз барлық қайықтарға соққы бердік, ал қазір сол ауданға соққы беріп жатырмыз. Енді ол аудан жоқ», - деп хабарлады.
Трамп бұл операцияның нәтижесінде контрабандалық өнімдерді өткізетін негізгі орталықтың толықтай жойылғанын жеткізді.