Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бакудегі жиналыста не айтылды: Қазақстан латын әліпбиіне толық көше ме?

10:24, 09 мамыр 2024 377

Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясының екінші отырысы Әзірбайжан астанасы Бакуде өтті. Естеріңізге сала кетейік, қазірдің өзінде Қазақстан мен Қырғызстанды қоспағанда, төрт ел латын әліпбиін қолданады, деп хабарлайды Alash.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркі тіл қоғамының басшысы Осман Мерт мәлімдеді.

Түркі мемлекеттері ортақ әліпбиге көшуде айтарлықтай жетістіктерге жетті, бірақ саяси шешімдер қабылдау үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін.

«Бұл кездесуде шын мәнінде тарихи миссияны жүзеге асыру басты миссия боп табылады.  Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Түркіменстан латын әліпбиін қолданады», - деді Мерт.

«Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі 2025 жылға қарай жүзеге асуы мүмкін. 2026 жылы Бірінші түркологиялық құрылтайға 100 жыл толады. Ортақ әліпби тақырыбын 2026 жылы толық аяқтаймыз деп отырмыз. Тарих бізге бұл жауапкершілікті жүктеді, біз шешуші ортадан болуымыз керек», - деп қосты ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар